Мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін құру

2020 жылдың 12 маусымы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ онлайн-форматта жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері үшін «Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыбында онлайн-форматта семинар өткізілді.

         Семинар «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы А.Сахованың жетекшілігімен мектептің әлеуметтік ортасына ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды табысты енгізу үшін мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін құрудың маңыздылығын ашу мақсатында ұйымдастырылды.

         Онлайн іс-шара қауіпсіз, кедергісіз білім беру ортасын құруға, ынтымақтастық идеяларын бөлісетін барлық оқушылардың дамуын ынталандыратын мектепте қауымдастық құрудың заманауи тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді.