Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі

2020 жылдың 03 маусымы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Мектептегі зорлық-зомбылық: себептері, зардабы, алдын алу» тақырыбында республиканың жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтері үшін онлайн тренинг өткізілді.

 «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.А.Маханбетованың жетекшілігімен тыңдаушылар әр оқушының психологиялық-педагогикалық статусының ерекшеліктерін, оның айналасындағылармен қарым-қатынасын, оқушылардың психикалық жағдайында пайда болатын мәселелерді уақытында шешу мақсатында қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеді.

Тренинг қатысушыларға тұлғалық-бағдарлы тәсілді енгізу бойынша практикалық тәжірибе алмасуға, тәрбиелеудің тиімді әдістерін қолдануға және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға көмектесті.