Робототехника негіздері

2020 жылдың 18 мен 29 мамыры аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ он-лайн оқыту режимінде информатика, математика және физика пәндерінің мұғалімдері үшін «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы О.Жаксымның жетекшілігімен «Робототехника негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткілуде.

Курс жаратылыстану-математика бағыты мұғалімдерінің робот техникасы құралдарын қолдану саласында ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамыту бойынша педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізіледі.

Бұл курс тыңдаушыларға робот техникасы бойынша білім деңгейлерін арттыруға, робот техникасы саласы мен инженерлік жүйелерді жобалауда базалық білімдері және құрастыру жұмыстарының алгоритмдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.