Заманауи мектеп жағдайында инклюзивті білім беру

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ 2020 жылдың 18 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептерінің 50 мұғалімі үшін «Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» атты педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы басталды.

Курстар орыс және қазақ тілдерінде өткізіледі және инклюзивті білім берудің әдіснамалық және ұйымдастырушылық негіздері бойынша кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған. Курс кураторы «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Кусаинова А. И. және Кабдылова Г. Т.

Курс аясында тыңдаушылар әлемде, Қазақстанда инклюзивті білім берудің даму үрдістерімен, ҚББ бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен танысады, инклюзивті білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері мен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін зерттейді.