Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны

2020 жылдың 18 мамырынан бастап «Өрлеу «БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ базасында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбы бойынша онлайн режимінде біліктілікті арттыру курстары бастады.

Курс «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Саякова А. М. жетекшілігімен өткізіледі.

Курстардың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына тең қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім алуға арнайы жағдайлар жасау және ұйымдастыру бойынша педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Курстар инклюзивті білім берудің ұйымдастыру-педагогикалық негіздері бойынша, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, түзету-дамыту және үйде оқыту технологияларын қолдану бойынша, әр бала үшін оңтайлы педагогикалық бағыттарды жобалау бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.