Робототехника негіздері

2020 жылдың 18-29 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ  «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары  Жақсылыкова К.З., Жартынова Ж.А., Белденбаева М.Т.,  онлайн – режимінде математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.

Курстың мақсаты робот техникасы негіздерін зерттеу, инженерлік дизайн және технология, жаратылыстану-математика бағыты мұғалімдерінің роботтарды модельдеу және бағдарламалау, түрлі тапсырмаларды орындауы үшін LEGO MINDSTORMS EV3 және Arduino микроконтроллерін қолдана отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Курс барысында  тыңдаушылар жаңа технологияларды дамытуға қызығушылық танытып, инженерлік және негізгі ғылым саласындағы заманауи дағдыларын меңгеруде.