Мектептегі білім беру ортасы мен қауіпсіз психологиялық қамтамасыз ету

2020 жылдың 18-29 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ он-лайн оқыту режимінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

Сабақты ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының аға оқытушылары Н.К.Тайтанова және Ф.С.Нарсеитова өткізеді.

Курстар қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, мектептегі зорлық-зомбылықты болдырмау, оқушыларды психологиялық қолдаудың тиімді жүйесін құру бойынша мектеп педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында өткізіледі.