Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу нәтижесін бағалау

2020 жылдың 13 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер үшін  курстан кейінгі қолдау көрсету аясында «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу нәтижесін бағалаудың заманауи әдісі» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді.

Әдістемелік кеңесті «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау»  кафедрасы курстан кейінгі қолдау және инновацияны дамыту зертханасының PR, SMM маманы М.А.Мауленова өткізді.

Әдістемелік кеңесте оқу үдерісін қашықтықтан басқаруда қолданылатын ақпараттық технологияларды дамытудың өзекті мәселелері, қашықтықтан оқыту жағдайында оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері қарастырылды.

Осы іс-шарада мұғалімдерге әдістемелік ұсынымдар берілді және қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруда консультативтік қолдау көрсетілді.