Ақпараттық қауіпсіздік және кибербуллингтің алдын алу

2020 жылдың 14 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Білім мазмұнын жаңарту аясында киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарының сертификатталған тыңдаушыларына курстан кейінгі қолдау көрсету аясында вебинар өткізілді.

Вебинар мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Ф.С. Нарсеитова өткізді.

Вебинарда кибербуллингтің алдын алу бойынша сұрақтар ашылды. Қатысушылар әлеуметтік желілерде киберқауіпсіздікті құру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ісшара әлеуметтік желіде кибербуллинг жағдайына түскен балаларды қолдаудың тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.