АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында оn-line режимінде республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Өткізілетін күні: 28мамыр,  2020 жыл.

Өткізілу уақыты: сағат 14.00-16.00  (Нұр-Сұлтан  уақытымен)

Өткізу форматы: on-line режимінің http://online.ripkso.kz/online1платформасында.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға білім беру жүйесінің біліктілігін арттыру институттарының басшылары мен оқытушылары, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының, колледждердің, жалпы білім беретін және арнайы (коррекциялық) мектептердің педагогтері, психологтар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері шақырылады.

Дөңгелек үстел мақсаты: өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың тәжірибесімен алмасу.

Міндеттері:

– білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзияға қосу үдерісіндегі негізгі жетістіктер мен проблемаларды талдау;

– инклюзивті білім берудің қол жетімділігі мен даму мәселелеріне педагогикалық қоғамдастық пен қоғамның қатысуы;

– инклюзивті білім беру практикасын жүзеге асыратын оқытушылар мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Республикалық дөңгелек үстелдің бағыттары:

– Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық  аспектілері;

инклюзивті білім беруде қолданылатын тиімді технологиялар мен әдістер: сәтті жасалған тәжірибе мен жағдайы;

– жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру;

– үздіксіз инклюзивті білім беру шарттарының бірі ретінде жоғары инклюзивті мәдениетті қалыптастыру.

Оn-line режимінде дөңгелек үстелдің тәртібі: қатысу үшін 2020 жылдың 14 мамырына дейін adisteme.bbjkbari@mail.ru электрондық адресіне жіберу керек:

  • өтініш (өтініш формасы және оны толтыруға қойылатын талаптар 1-қосымшада көрсетілген);
  • баяндама тезисі (слайд).

 

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

 

Қосымша кеңесті келесі телефондар арқылы алуға болады:

87051805059 – Рсалдинова Акмарал Кусаиновна, «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

87025129129 – Кусаинова Айжан Исаевна – «Педагогика және инклюзивті білім беру»кафедрасының аға оқытушысы.