Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті

2020 жылдың 12 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ ұйымдастыруымен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Цифрлық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану» тақырыбында «Вilim media group» компаниясының «Вilim land» ресурс орталығының базасында дәріс-семинар өтті. Тыңдаушылар «Вilim land» электронды, цифрлық орталықтың білім саласындағы елеулі жаңалықтарымен, енгізілген өзгерістерімен, оқыту үрдісінде пайдаланатын контентпен танысып, көптеген сұрақтарына жауап алды.