Педагогикалық квалиметрия әдістері

2020 жылдың 10 наурызынан бастап білім беру ұйымдары директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған ББЖ ҚБАРИ базасында «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтілуде. Аға оқытушы Абайдуллаева А.А. жаңартылған білім бағдарламасы бойынша пән мазмұнының спиральды берілуі, педагогикалық квалиметрия әдістері, Блум таксономиясы секілді әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен ерекшеліктеріне тоқталды.

Курс барысында тыңдаушылар білім беру мазмұнын жаңарту мән-мәтініндегі мектептегі оқу-тәрбие үдерісін басқаруды, шынайы тәжірибеде игерілген әдістемелік материалдарды қолданудың жолдарын және оқыту үдерісін белсенді оқыту әдістері арқылы жүргізудің ерекшеліктерін меңгерді.

Біліктілікті арттыру курсында әр тыңдаушы жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық квалиметриялық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізді.