Инклюзивті білім берудегі 4K моделі

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ қалыптастырушы бағалау негізінде тыңдаушылардың топпен жұмыс жасауда қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында «4К моделі негізінде критериалды бағалауды жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингті «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.Сабиханова жүргізді.

Ісшара барысында тыңдаушылар инклюзивті білім беру аясында критериалды бағалауды тиімді жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті, критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша мұғалімдердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен танысты.