Алматы қаласының №39 лицейдегі инновациялық үрдістің заманауи цифрлану тенденциясы

2020 жылдың 12 наурызында Алматы қаласының арнайы №39 лицейі мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ-мен бірлесе отыра Қазақстан Республикасы мектеп директорлары құзіреттілігін цифрландыруды дамыту бойынша тәжірибе бағытында семинар өткізді. С.А.Ходжикова атындағы мұражай экскурсиясынан кейін, семинарды лицей директоры  Маликова Найла Токтамуратовна ашты. Абая Құнанбаевтың 175 жылдығына қарсы әдеби-танымдық залында тыңдаушыларды қазақ тілінің мұғалімі Аманов Нуржигит Бердибекович таныстырды.

Семинар барысында электронды оқыту жүйесі, «Кунделик», цифрлы Қазақстандағы робототехника сұрақтары мен лицейдің оқыту-пәндік саласындағы цирфлық және инновациялық технологияларды кең түрде пайдаланылуы талқыланды. Заманауи цифрландыру тенденциялары инновациялық үдеріс қатысушылары арасында коммуникация мен келісімділікті көтере ғана қоймай, сонымен қатар, білім беру ұйымының басқару қызметін сапалы әрі жоғары деңгейге көтереді.

“Жоғары мектептегі білім беру бағдарламалары және оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы Тен Алира Сунтаковна семинар тақырыбы бойынша қызықты пікірталасы пайдалы ақпаратпен таныстырып, педагогикалық ұжым мен оның жетекшісінің сәтті тәжірибесімен бөлісті.