Шалқар радиосының тікелей эфирінде

2020 жылдың 6 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім» кафедрасының аға оқытушылары Б.Кағазов және А.Сабиханова Шалқар радиосында «Алматы түні» бағдарламасында «Білім берудегі әдіс-тәсілдерді Абайдың ойларымен сабақтастыру» тақырыбында ой бөлісті.

Бағдарламада оқу үдерісін сәтті ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Абай Құнанбаевтың идеяларымен қатар «рефлексия», «Шульманның көмекшілері», «жақын арадағы даму аймағы», «сыртқы реттеу» сияқты ұғымдарды талқылау бағдарламаның ерекшелігі болды.

Спикерлер әлем педагогикасындағы әртүрлі педагогикалық стратегиялардың Абай идеяларымен сабақтастығын талдады.

Бір сағатқа созылған сұхбат барысында еліміздің түкпір-түкпірінің мектеп мұғалімдері радиоға қоңырау шалып, өз ойлары мен ризашылықтарын білдірді.