Абай мұрасы – халық ұлағаты

2020 жылдың 19 ақпанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті магистранттарымен бірлесе отырып «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар Абайдың педагогикалық көзқарастарын ұсына отырып, қара сөздерінің тәрбиелік құндылығын өзектілендіру арқылы еңбекқорлық, толеранттылық, адалдық, ашықтық, шығармашылыққа ынталандырды.

Семинар «ойлау дизайны» форматында «ілгерілеудің негізі – білім мен ғылымда» негізгі идеясы аясында өтті.