«4 К» моделі – табыс қадамдары

2020 жылдың 11 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Н.К. Тайтанова Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған мектебінің педагогикалық ұжымына арналған оқыту семинарын өткізді.

 «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі «4 К» моделі» семинар барысында 21 ғасырдың басты құзыреттіліктері: креативтілік, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті және командада жұмыс істей білу дағдыларын талқыланды.

 «4 K» инновациялық үлгісі әр педагог үшін өзінің кәсіби-тұлғалық даму деңгейін арттыруға және педагогикалық шеберлік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Семинарға қатысушылар ХХІ ғасырға қажетті дағдыларды меңгеріп, мектептің білім беру үдерісіне «4 К» моделін енгізуді жоспарлап отыр.