Жаңаша оқыту – заман талабы

2020 жылдың 6 және 15 ақпаны аралығында К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық орта мектеп интернатында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында музыка арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбында педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылуда. Курсты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі және Халықаралық білім беру бағдарламалары» кафедрасының аға оқытушылары Абайдуллаева Айгуль Аманжоловна, Касымова Алма Абылхайыровна, Комекова Сандуғаш Оралхановна курсты өткізуде.

Жаңартылған білім беру мазмұны барлық пәндерде, барлық салаларда заман талабына сай қажеттілік деп танып, тыңдаушылар тренинг тапсырмалары барысында үлкен қызығушылықпен белсенді жұмыстар атқаруда.