2020 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГЫ

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Саякова Анжела Мырзагалиевнаны «Қосымша және арнайы білім берудің үздік педагогтары» Республикалық конкурсының жеңісімен құттықтайды!

Конкурсты Қазақстан Республикасы бойынша барлық қосымша және арнайы білім беру, түзету, арнайы, көмекші ұйымдардың барлық педагогтарын ынталандыру мақсатында қосымша және арнайы білім беру педагогтарының ұлттық қауымдастығы, «Аружан» логопедиялық орталығы ұйымдастырды.

Конкурс 8 номинация бойынша өтті: «Үздік логопед-мұғалім», «Үздік педагог-психолог», «Үздік дефектолог», «Арнайы/түзету мектебінің үздік жетекшісі», «Арнайы/түзету мектебінің үздік жетекшісі», «Инклюзивті білім беру саласындағы Үздік педагог», «Арнайы білім беру саласындағы Үздік педагог», «ҚР инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін».

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік дефектолог» номинациясы бойынша Анжела Мырзағалиқызы марапатталды.

Біз А.М.Саякованы конкурс жеңімпазы дипломын және «Үздік дефектолог – 2020» медалін алуымен құттықтаймыз!