Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы саралап оқытудың маңыздылығы

2020 жылдың 07-08 ақпан аралығында Алматы қаласындағы, №183 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы саралап оқытудың маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті. Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Іркітбай Ғалым Бұлтұлы жүргізді. Мұғалімдер саралап оқытуда тұлғаның жеке ерекшеліктері ескерілетін оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдерімен танысты. Сондай – ақ қысқа мерзім жоспарды тиімді құрымдауға дағдыланды.
Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін кері байланыстар жүргізілді. Семинар нәтижесінде тыңдаушылар тарапынан практикаға бағытталғандығы айтылып, алғыс білдірілді.