АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАР

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талдау мақсатында «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Б.Кагазов Алматы облысы, Талғар ауданы, №45 гимназиясы мұғалімдеріне «Абайдың білім беруге қатысты ойлары» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетті.

Ісшара аясында әлемдік педагогика саласында кездесетін түрлі педагогикалық стратегиялардың Абайдың ойларымен сабақтастығына талдау жасалды. Нәтижесінде білім беру ұйымы ұстаздары ақынның есте сақтау, құмарланып оқу, тыңдау сынды  ұғымдарға қатысты айтып кеткен ойларын қызығушылықпен қабылдады.

Б.Кагазов Абайдың 31-қарасөзін мектеп мұғалімдерінің алдында жатқа оқып, Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған челленджді гимназия директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Тәтиева Мөлдір ханымға жолдады.