Әдістемелік десант

2020 жылдың 13 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Сахова Алматы қаласының №164 орта мектебінің педагогтеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау мақсатында әдістемелік десант өткізді.

Әдістемелік десантқа мектеп директоры, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және педагог-психолог қатысты.