Педагог мәртебесі туралы

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ, Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасы 2020 жылдың 13 қаңтарында 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» Заңын талқылау бойынша семинар өткізді.

«Педагог мәртебесі» туралы Заңның қабылдануы қоғамдағы мұғалімге қарым-қатынастың өзгеруіне ықпал етеді, алға қойған мақсаттарымен айналысуға мүмкіндік береді.

Талқылау барысында аталған заң педагог мәртебесін арттырып, оның кәсіби қызметіне қойылатын талаптарды күшейтеді.

Педагог мәртебесі туралы заң-бұл біздің еліміздегі әрбір жеке педагогтың рөлін және педагогикалық қоғамдастықтың беделін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жаңа заң мұғалім мамандығының беделін арттыруға көмектеседі.