Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту ерекшеліктері

2020 жылдың 14 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №19 бала-бақша базасында (№№12, 13, 18, 19, 21, 41, 43, 74, 93, 132) мектепке дейінгі ұйым басшылары үшін әдістемелік десант өткізді.

Іс-шара «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунованың жетекшілігімен базалық ұйым басшыларына және ББЖ ҚБАРИ біліктілік арттыру курстарынан өткен мектепке дейінгі ұйым басшылары үшін ұйымдастырылды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері, мектепке дейінгі ұйымның қызметін жоспарлауға іс-шараларды одан әрі енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Кездесу барысында ағымдағы жағдайды талдау, нысаналы индикаторлар және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралды.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде қатысушылар нормативтік құжаттың негізгі ережелерін іске асыру үшін жоспар жобасын әзірледі.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы міндеттерінің өзектілігі және мектепке дейінгі ұйымдар мен  ББЖ ҚБАРИ әдістемелік ынтымақтастығының оқу-тәрбие үдерісіндегі мәселелерін шешудегі маңыздылығын атап өтті.