Ақпараттық білім кеңістігін тиімді пайдалану

2020 жылы 10 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасы курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM – маманы Мауленова М.А. және IT – маманы Сарбаева С.Е. «Ақпараттық білім кеңістігін тиімді пайдалану» тақырыбында кафедра оқытушыларына әдістемелік семинар өткізді.

Бұл семинар Gmail поштасын құру, оны жұмыста пайдалану және сайтта материалдарды жүктеуге, сондай-ақ білім беру кеңістігіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізу бойынша жалпы талаптарды түсіндіру мақсатында кафедра оқытушылары үшін ұйымдастырылды.

Кафедра оқытушылары семинар барысында алынған ақпараттың өзектілігін бағалап, Gmail-дың ақпаратты және есептілікті уақытында жинау үшін тиімділігін атап өтті.