Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутатымен кездесу

2020 жылдың 6 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Ирина Владимировна Смирновамен кездесу өтті. Ісшараға педагогикалық қоғамдастықтың өкілдері мен ББЖ ҚБАРИ профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, п.ғ.д., профессор Ж.А.Караев, ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор Ж.А.Макатова сөз сөйледі.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне арналған үздіксіз білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылауға п.ғ.д., профессор Ф.Я.Вассерман, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары И.А.Зинковец, «Білім Орталық Азия» білім беру орталығының басқарма төрағасы Л.Н.Едігенова және Алматы қаласының білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.