Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау

2020 жылдың 9 қаңтарында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. С.Т. Мұхамбетжанова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы елдің одан әрі дамуына ықпал ететін нақты, мақсатты сипатқа ие екенін атап өтті.

Жаңа мемлекеттік бағдарламада қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға баса назар аударылып, мектеп пен ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу көзделген. Енді білім алу құндылықтарға негізделетін болады, бұл да қазақстандық оқытушыларды қуантатын жәйт екені белгілі.