«Рухани жаңғыру» – жаңару жолы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ профессорлық-оқытушылық құрамы «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Ісшараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жобаларын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы бойынша біліктілікті арттыру институты ұйымдастырды.

ББЖ ҚБАРИ атынан «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Б.Қағазов қатысып, сөз сөйледі.

Ісшара барысында қатысушылар «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, идеялармен алмасты. Патриотизмді тәрбиелеудегі туған жердің рөлі, тарихи сананы жаңғырту, латын әліпбиінің өзектілігі және мұражайдың жандануы туралы ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды және сертификаттар берілді.