«Архив – 2025» – заман талабы

2019 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» Бағдарламалық мақаласының «Архив-2025» жобасын жүзеге асыту аясында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты ісшара өткізілді.

Орталық мемлекеттік архивінің ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді және «Мәдени мұра» мәртебесіне ие болды.

Мерекелік ісшараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Б.Қағазов қатысты.

Ісшара аясында «XVIII ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы» атты жинақтың тұсаукесері, сондай-ақ арнайы белгі бейнеленген мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Ісшараға барысында Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы архивтерінен құжаттар көшірмелері қамтылған көрме ұйымдастырылды.

Өткізілген ісшараға белгілі ғалымдар, университет профессорлары, мұражай қызметкерлері, архив мамандары, кітапханашылар, магистрлер, студенттер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Ісшараға қатысушылар ҚР Орталық мемлекеттік архиві кітапханасына кітаптар сыйлады. Б.Қағазов Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты атынан республика мұғалімдерін кәсіби даму тарихын баяндайтын «Ұстаздардың ұлағатты мекені» кітабын сыйға тартты.