Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары

2019 жылдың 13-14 желтоқсаны аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Сахова «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шара Алматы қаласындағы №164 орта мектеп базасында пән мұғалімдері үшін ұйымдастырылды.

Семинар барысында SMART мақсаттарды, бағалау критерийлерін құрастыру, оқу үдерісіне белсенді оқу әдістерін пайдалану және  сындарлы кері байланыс ұсыну бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Мұғалімдерге материалды меңгеруде жағымды эмоционалдық атмосфера, қызықты диалогтар, практикалық қызметке тарту, топтарда сабақты моделдеу, кезеңдер бойынша сабақты талдау маңызды болды.

Практикалық-бағытталған семинар педагогтарға өзінің педагогикалық тәжірибесін талдауға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында критериалды бағалауды тиімді енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Семинарға қатысушыларға сертификаттар берілді. 

 Авторы:

Мауленова М.А., RP, SMM –маманы

 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ