2019 жылдың 28 қарашасында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 жалпы білім беретін орта мектепке «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ-ның аға оқытушылары Қ.З. Жақсылықова, Б.А. Қағазов әдістемелік көмек көрсетті.
Осы мектептің жас педагогтары үшін «Біліктілікті арттырудан – құзыреттілікті қалыптастыруға!» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданылатын оқытудың 28 түрлі инновациялық әдістерінің педагогикалық идеясын ашуға мүмкіндік берді.
Бұл іс-шара мектептің жас мамандарының педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етті.
ББЖ ҚБАРИ профессорлық-оқытушылар құрамы тарапынан мектеп кітапханасына оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша 28 кітап көлемінде авторлық әдістемелік басылымдар ұсынды.
Семинардың барлық қатысушылары іс-шара барысында алынған ақпаратты өзекті және пайдалы деп бағалады, сондай-ақ білім беруде тәжірибе алмасуға және бір-бірінің табысты тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Авторы:
Мурзекенова Ж.Ш., RP, SMM –маманы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ