Ауыл мектептері басшыларының құқықтық және медиаторлық сауаттылығын дамыту

2019 жылдың 27 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі С.Т.Мұхамбетжанова «Ауыл мектептері басшыларының құқықтық және медиаторлық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Ісшара Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б. Бегалиев атындағы орта мектебінің базасында өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты орта білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық санасын қалыптастыру бойынша зайырлы мемлекетте құқықтық және медиаторлық сауаттылықты дамыту болып табылады.

Пікірталас барысында ісшараға қатысушылар құқықтық және медиаторлық сауаттылықты дамытудың жаңа нысандарын қарастырып, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Семинар білім беру ұйымдары басшыларының білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік көзқарастар тұрғысынан медиативтік қызметтің мәнін қарастыруға, сондай-ақ даулы жағдайлар мен дауларды шешу процесінде медиатордың түрлі функцияларын ашуға мүмкіндік берді.

 Автор:

Мурзекенова Ж.Ш., RP, SMM –маманы

 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ