Критериалды бағалау – оқыту сапасын арттыру құралы ретінде

2019 жылдың 23 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №11 орта мектеп» КММ мұғалімдеріне арналған «Критериалды бағалау білім беру сапасын қамтамасыз ету ретінде» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты жалпы білім беретін мектептерге критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында критериалды бағалау бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Семинар жұмысына ББЖ БАРИ оқытушылары А.Ыбышева («Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы) және А.Қуандық («Жоғары мектептегі оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру бағдарламалары» кафедрасының аға оқытушысы) қатысты.

Олардың жетекшілігімен келесі тақырыптар қаралды:

  • білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша мұғалімдердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар;
  • бөлім бойынша жиынтық бағалау барысында мұғалімнің қызметін ұйымдастыру;
  • тоқсан бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
  • жиынтық бағалау нәтижелерін талдау.

Семинар жұмысы екі тілде өтті. Семинарға қатысушылар оқу нәтижелерін талдаудың тиімді тәсілі ретінде критериалды бағалау бойынша жобалық жұмыстарды, жаңартылған бағдарлама аясында белсенді және диалогтық оқытудың тиімділігін, сабақты талдаудың негізгі басымдықтары, критериалды бағалауды қолдану ерекшеліктерін жан-жақты талқылады. Семинарға қатысушыларға үздік сабақ үлгілері көрсетілді.