«BLENDED LEARNING» – оқытудың жаңа ағымы

2019 жылдың 8 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ-да білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына арналған аралас оқыту «Blended Learning» режимінде біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Тьютор М.Т.Белденбаеваның жетекшілігімен Алматы облысының 30 педагогы «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» бағдарламасы бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдыларды алды.

Курс бағдарламасы біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталып, заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті оқыту формаларын пайдалану арқылы қол жеткізілген іс-әрекет тәсілдерін көздеді: жеке кеңес беру, on-line режимінде өзекті мәселелерді талқылау.

«Blended Learning» режиміндегі курстар тыңдаушыларға өндірістен қол үзбей өз бетімен білім алуға, дәстүрлі әдістемелер мен өзекті технологияларды біріктіруге, жұмысты өз бетінше ұйымдастыруға және жоспарлауға, білім алуға және талдауға, ақпаратты іздеуге және іріктеуге, шешімдер қабылдауға, жобаларды таныстыру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Рефлексия барысында курс тыңдаушылары «Blended Learning» режимінде оқытудың тиімділігін, теорияның практикамен және кәсіби қызметпен байланысын, «online», «offline» өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Авторы:

Мурзекенова Ж.Ш.,

«Менеджмент және ақпараттық

 технологиялар» кафедрасы