Тыңдаушыларды курс аяқталуымен құттықтаймыз!!!

2019 жылдың 08 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ Қазақстан Республикасының шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған «Шағын жинақталған мектеп жағдайында инклюзивті білім беру – тең және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету факторы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Курстар инклюзивті білім беру негіздері бойынша кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған.

Курс соңында тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жаңа тәсілдерін; шағын жинақты мектепте инклюзивті білім беру технологияларын қолдану дағдыларын; білім беру ортасының субъектілері мен мамандар командаларының бірлескен іс-әрекеті мен тұлғааралық өзара іс-қимылын ұйымдастыруды меңгереді.

Курс тыңдаушылары оқу тиімділігін атап өтіп, институттың профессорлық-оқытушылық құрамына мазмұнды және қызықты дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, тренингтер, материалды баяндаудың қол жетімділігі, бейнематериалдардың сапасы және ресурсты қамтамасыз ету үшін зор алғыстарын білдірді.

ББЖ ҚАРИ-ң барлық тыңдаушыларына мектеп жағдайында білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен құқықтарының теңдігін тиімді қамтамасыз етуді тілейміз!

Авторы:

Куримбаева Г.С.

ББЖ ҚБАРИ PR, SMM-маманы