Біз кәсіби өсу үшін!

2019 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институт базасында мектеп басшыларына  арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары 2019 жылдың 28 қазаны мен 08 қарашасы аралығында «Көшбасшылық – педагогикалық ұжымды табысты басқарудың факторы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгені үшін ББЖ ҚБАРИ басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына  алғыстарын білдірді.

Тыңдаушылар білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогикалық ұжымды тиімді басқару бойынша білім мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берген курстың мазмұндылығы мен практикаға бағытталғандығын атап өтті.

Курсты өткізу қорытындысы бойынша мектеп директорлары табысты мектепті дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру үшін қажетті заманауи басшының көшбасшылық қасиеттерін, кәсіби дағдыларын дамыту бойынша одан әрі кәсіби өсудің жеке бағдарларын қалыптастырды.

Мектеп басшыларын біліктілікті арттыру курсының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!

Авторы:

Мурзекенова Ж.Ш.,

 «Менеджмент және ақпараттық 

технологиялар» кафедрасы