Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Қазіргі жағдайда жаңа білім беру стандарттарын енгізумен мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың сенімді, валидтік және технологиялық жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы артып келеді.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептерінде ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері қарастырылды.

Семинарға қатысушылар критериалды бағалауды ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу-танымдық қызметін бағалауда тиісті әдістемелік құралдарды қолдану тәсілдерін игерді.

Семинар қорытындысында қатысушылар көтерілген тақырыптың өзектілігін және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды табысты әлеуметтендіру үшін оның маңыздылығын атап өтті.