Заманауи білім беру ортасындағы көшбасшылық

2019 жылдың 6 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылындағы «№19 мектеп-гимназия» КММ базасында «Заманауи білім беру ортасындағы көшбасшы қызметі» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды. Ісшараға Қазақстан Республикасының  жалпы білім беретін мектептерінің 25 директорлары қатысты.

Ісшара қатысушыларына 5-9 сынып оқушыларының көшбасшылық сипатын дамыту үшін кіріктірілген пәндер бойынша (химия-биология-география-тарих, математика-физика-информатика-технология) панорамалық сабақтар көрсетіліп, «Педагог көшбасшылығы» тақырыбында педагогикалық идеялар жәрмеңкесі ұсынылды.

Ісшара оқытудың жаңа технологияларын апробациялау бойынша аталған білім беру ұйымының тиімді тәжірибесін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар заманауи білім беру ортасындағы көшбасшы қызметінің маңыздылығын өзектілендіретін пікірталастарға, шебер-сыныптарға, практикаға бағытталған семинарларға қатысуға мүмкіндік берді.

Көшпелі тәжірибелік сабақ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мектеп директорлары ісшараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуін атап өтіп, ББЖ ҚБАРИ басшылығына және «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі С.Т.Мұхамбетжановаға үлкен алғыстарын білдірді.