Мектеп оқушылары арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

«Өpлеу» БАҰО» АҚФ  ҚP ББЖҚБАPИ-да  2019 жылдың 28 қазаны мен 08 қарашасы аралығында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курс аясында 2019 жылдың 30 қазанында білім беру ұйымдарындағы терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуды басқарудың құзыреттілік тәсілдерін зерделеу мақсатында №15 орта мектеп базасында «Мектеп оқушылары арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар тыңдаушылардың экстремистік іс-әрекеттің және терроризмнің алдын-алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын, білім беру саласындағы экстремистік іс-әрекеттің алдын алу шараларын басқару тетіктерін, мектеп оқушылары арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алудың тиімді жолдарын меңгеруіне ықпал етті.