ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттілігі-бәсекеге қабілетті маманды даярлаудың кепілі

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ 23 қыркүйек – 25 қазан 2019 ж. аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет базасында ЖОО оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» атты бағдарлама бойынша курс өтіп жатыр.

Оқыту үдерісі оқытудың интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: тәжірибелік жұмыс, тренинг, PBL (проблемалық-бағытталған оқыту: кейстер әдісі, жобалық әдіс), дискуссия, ми шабуылы, студенттердің сыни, креативті және дивергенттік ойлауын дамыту әдістері, жұптық және топтық жұмыстар.

Курс соңында тыңдаушылар кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жобалау және модельдеу тәсілдерін, инновациялық технологиялар негізінде заманауи сабақты құрастыру әдістерін; жоғары оқу орнында білім алушыларда сыни және креативті ойлауды қалыптастыру тәсілдерін меңгереді.