Инклюзивті білім беру аясында мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ

ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт 18 қазан 2019 жылы «Инклюзивті білім беру аясында мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.

Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда отбасы мен мектептің тиімді өзара әрекеттестігі мәселелерін зерделеу, тәжірибе алмасу және анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинарға қатысу үшін білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің басшылары мен қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың, арнайы (түзету) және жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі мен педагогтері, сондай-ақ қарастырылып отырған мәселеге қызығушылық танытқан басқа да тұлғалар шақырылады.

Семинар-кеңестің жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 14 қазанына дейін zanzhan@mail.ru поштасына өтініш жіберу қажет.

Өтетін орны: Алматы қ., Амангелді к-сі, 61.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2019 жылдың 18 қазаны, басталуы 10-00 (Астана уақытымен).

Онлайн трансляция online.ripkso.kz/online1 платформасында жүзеге асырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, алғыс хаттар беріледі.

Қосымша кеңесті төмендегі телефондар арқылы алуға болады:

8 705 180 50 59 Рсалдинова Ақмарал Кусаиновна, п.ғ.к., «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі.

8 778 455 02 05 Бейсе Жансая, «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының «Курстан кейінгі қолдау және инновацияны ендіру» зертханашысы.