Ақпараттық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Ақпараттық хат

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Ұлы даланың жеті қыры»: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлт тарихының дамуы мен тарихи сананың жаңғыруындағы ерен еңбегі» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция 2019 жылдың 23 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ-та өтеді.

Ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға білім беру жүйесінің біліктілікті арттыру институттарының басшылары мен профессорлық-оқытушылар құрамы, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен оқытушылары, сондай-ақ қаралып отырған мәселеге қызығушылық танытқан басқа да тұлғалар шақырылады.

Мақсаты: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Білім беру жүйесіндегі өзекті заманауи басымдықтарды талқылау.

Ғылыми-практикалық конференцияда келесі мәселелерді талқылау көзделуде:

  1. Қазіргі ұлттық сананы дамытудағы қазақ халқының әлеуметтік және мәдени эволюциясының рөлі.
  2. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін дамытудың негізгі мәселелері мен бағыттары.
  3. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын іске асыру аясында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
  4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тәрбие үдерісін жетілдіру.
  5. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі

Конференция қорытындысы бойынша электронды жинақ шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 17 қазанына дейін RNPK_2019@mail.ru электрондық почтасына тапсыруды назарларыңызға ұсынамыз:

– конференцияға қатысуға өтініш (өтініш үлгісі және оны ресімдеуге қойылатын талаптар 1-қосымшада берілген);

– мақалалар (материалдарға қойылатын талаптар 2-қосымшада берілген).

Ұйымдастыру комитеті түскен материалдарды жариялау үшін іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Конференция жұмысына қатысу және электронды материалдар жинағында жариялау тегін.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Жол жүру ақысы, тұру және тамақтану конференцияға қатысушылардың немесе іссапарға жіберуші тараптың есебінен қамтамасыз етіледі.

Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы http://www.ripkso.kz/ сайтында жарияланады

Форум жұмысының басталуы – 2019 жылдың  23-қазаны, 10.00-де Алматы қ., Аманкелді көшесі, 61.

Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін.

Қосымша кеңестерді келесі телефондар арқылы алуға болады:

8-(727)-267-46-67, 8-777-277-41-06 Танатова Асель Джангазыевна, директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, п.ғ.к.

8-702-112-07-61 Биомарова Гүлзада Әбдібекқызы, «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының курстан кейінгі дайындық және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі.

8-702-158-96-47 Мадиева Айсұлу Талғарбекқызы, «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының курстан кейінгі дайындық және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі. 

1 қосымша

ӨТІНІШ

«Ұлы даланың жеті қыры»: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлт тарихының дамуы мен тарихи сананың жаңғыруындағы ерен еңбегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу үшін

1 Автор/ қатысушының аты-жөні (толық)  
2 Жұмыс орны (толық)  
3 Қызметі (қысқартылмаған)  
4 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
5 Секция атауы\ бағыты  
6 Баяндама\ мақала тақырыбы  
7 Телефон (жұмыс, ұялы)  
8 Электрондық пошта  

2 қосымша

Материалдарға қойылатын талаптар

Сіздердің назарларыңызды материалдар тек электрондық нұсқада ұсынылатындығына аударамыз.

Басылымға арналған материалдар автормен  мұқият өңделеді және қол қойылады. Автордың аты-жөні, тегі мәтіннің басында тақырыптың астында жазылады, келесі жолда жұмыс орны, лауазымы көрсетіледі.

Жұмыстың атауы  бас әріптермен ортаға (абзацсыз) жазылады.

Беттердің нөмірленуі – төменгі жағында, ортасында.

Мәтіндік редактор – Microsoft Office Word 2003 (Егер сіз Microsoft Office Word 2007 мәтіндік редакторын пайдалансаңыз, материалды  Word 97-2003 форматында  қайта сақтаңыз).

Беттің параметрлері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2, сол жағы – 2см, оң жағы – 2 см.

Мәтін кестелер шеңберінен шықпауы тиіс.

Графиктер, суреттер – қара және ақ нұсқада.

Шрифт  – Times New Roman, 14.

Жоларалық интервал – дара.

Материалдар көлемі – А4 форматты қағазда 5 бетке дейін.

Материалдар кері жіберілмейді.

Материалдарды жіберу (өтініш+мақала\ баяндама тезисі): RNPK_2019@mail.ru электронды адресіне 2019 жылдың 17 қазанына дейін.

Мақаланы электронды жинаққа орналастыру бойынша қосымша кеңес алу үшін курстан кейінгі дайындық және инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM маманы Егеубаев Хамит Габитовичке 8(702) 772-34-89, RNPK_2019@mail.ru хабарласа аласыздар.