Басты міндет – білім сапасы

2019 жылдың 29 шілде күні «Білім сапасы – 2018/2019» ІІ Халықаралық біріншілігінің ашық біріккен финалы өтті.

Халықаралық біріншіліктің мақсаты: білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі үздік білім алушыларды анықтау, білім алушылар мен педагогтардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі көрсету мүмкіндігін беру, білім беру сапасының мониторингісі, білім беру нәтижелерінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге және оларға қол жеткізу шарттарына ықпал ету.

Қатысушы елдер және номинациялар бойынша конкурстық жұмыстардың құрылымы

Халықаралық біріншілік білім беру деңгейлері мен білім беру сатылары бойынша өткізілді:

I деңгей – жалпы орта білім;
II деңгей –  орта кәсіптік білім;
III деңгей – жоғары білім (бакалавриат, магистратура);
IV деңгей – жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, адъюнктура, ординатура, докторантура).

Нәтижелерді талдау (сараптамалық бағалауды өңдеу) бірнеше кезеңде жүргізілді:

– сарапшылардың құзыретін анықтау;

– жалпыланған бағалауды анықтау;

– жалпыланған рангты модельдерді құру;

– рангалық модельдер арасындағы тәуелділікті анықтау;

– сарапшылар пікірлерінің келісімділігін бағалау;

– зерттеу қатесін бағалау;

– сараптамалық сараптама үшін сарапшылардың жауаптары негізінде объектілердің қасиеттерінің моделін құру;

– есепті дайындау.

Бұл біріншілікте «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ  «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының «Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу» зертханасының меңгерушісі Б.Т.Тәжібаевтың «Көшбасшылық және менеджмент» жұмысы қойылып, бірінші орынды иеленді.

Әріптесіміз Болатбек Толқынбекұлын жеңісімен құттықтай отырып, сарқылмайтын шығармашылық энергия, барлық бастамаларда табыс тілейміз!

Авторы:

Мурзекенова Ж.Ш.,

«Менеджмент және ақпараттық

технологиялар» кафедрасы