Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы педагогикалық менеджмент

2019 жылдың 9 қыркүйегі күні Ақмола облысы, Көкшетау қаласында «Білім берудің жаңа парадигмасы контекстіндегі орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбында мектеп басшыларына арналған аралас оқу режиміндегі («Blended learning»)  біліктілік арттыру курсы басталды. Курс жетекшісі «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Б.Іркітбай.

Курс үш кезеңнен түрады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-опlіпе), өз бетімен оқу (оффлайн-off-line). Оқу үдерісін жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқу құрылымының қашықтықтан және күндізгі оқудың элементтерін қолдана отырып, тыңдаушылар оқу материалының белгілі бір бөлігін дәстүрлі оқу түрінде, ал оқу материалының қалған бөлігін – өз бетімен меңгереді.

Білім беру порталындағы бағдарламалық материалдарды меңгеру үшін тыңдаушыларға: курстың, модульдердің видеолары, барлық видеоларға арналған мәтіндік материалдар, тақырыптарға арналған толық мәтіндік материалдар, әрбір модуль мен тақырыптар бойынша таныстырылымдар, пайдаланған әдебиеттер мен ТӨЖ тапсырмалары ұсынылды.