Жаңа оқу жылының ерекшеліктері

2019 жылдың 05 қыркүйегі күні «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушылары 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру семинарын өткізді.

Курстан кейінгі қолдау және инновацияны енгізу зертханасының меңгерушісі Б.Т.Тәжібаев әдістемелік нұсқаулық хатының ерекшеліктерімен таныстырды.

Кафедраның аға оқытушысы К.З. Жақсылықова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі бекіткен негізгі   бұйрықтарының білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы жайлы мәліметпен бөлісті.

Сонымен қатар профессорлық-оқытушылар құрамы әлеуметтік желілер арқылы мектеп басшыларынан келіп жатқан сұрақтарын ортаға салды.