ҚР Конституциясы күні құтты болсын!

2019 жылдың 28 тамызында “Өрлеу “ БАҰОАҚФ білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.                                                                

Институт директоры, п. ғ. д., профессор Макатова Ж. А. құттықтау сөз сөйледі.

Біздің көпұлтты мемлекетіміздің болашағы барлық азаматтардың құқықтарының толықтығын, олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етумен, азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтаумен тығыз байланысты.

Конституция егемендіктің кепілі ретінде, біздің бірлігімізді нығайта түсті, тұрақтылық пен келісімнің өзегі, жасампаздықтың нышаны және біздің республикамыздың бүгінгі жетістіктері мен үлкен істерінің бастау көзі болып табылады. Еліміздің Негізгі Заңының бастамашысы және идеялық шабыттандырушысы болған Мемлекет басшысы Конституцияда салынған мемлекет қызметінің жалпы құндылықтары мен басты қағидаттары мұның маңызды шарты болып табылатыны сөзсіз. Бұл-қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, халық игілігі үшін экономикалық даму және қазақстандық патриотизм.

Бүгін біз ата-бабаларымыздың сан ғасырлық үмітін, олардың тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылысын іске асыра отырып, Негізгі Заңның арқасында қазіргі заманғы мемлекет құрдық деп мақтанышпен айта аламыз.

Біздің ортақ шаңырағымыздың астында әрқашан ашық аспан мен жарқын болашақ болсын! Бұл мереке біздің Отанымыздың игілігі үшін алға қойылған мақсаттарға жетуімізге әрдайым күш-жігер және сенімділік берсін!