Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институты білім беру ұйымдарының басшыларын даярлау бойынша біліктілікті арттыру жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

ББЖ ҚБАРИ құрылғаннан бастап мыңдаған басшы кадрлар мен педагогикалық қызметкерлер біліктіліктерін арттырып, ҚР мектептері мен жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізіп келеді.

Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар оқытқан тренерлерінен курстан кейінгі қолдау алады. Сонымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ базасында бір жыл бұрын «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. С.Т.Мұхамбетжанованың жетекшілігімен «Көшбасшылық – педагогикалық ұжымды табысты басқарудың факторы» тақырыбында курс өткізілген. Аталған курстың тыңдаушысы Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасының «Тілінде кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» КММ директоры Тилепова Айгуль Утегеновна, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Алтынсарин медалімен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Авторы:

Мурзекенова Ж.Ш.,

«Менеджмент және ақпараттық

технологиялар» кафедрасы