Тыңдаушының жетістігі

«Өрлеу БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институттың «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасында осы жылдың сәуір айында мектеп басшыларына арналған курс өткізілген.

Курстан кейін тыңдаушылар курстан алған материалдарын жұмыс барысында пайдаланады.

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы біліктілікті арттыру курстарының әрбір тыңдаушысының жетістіктері үшін шын жүректен қуанады. Осыған орай, Алматы қаласы «Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиганбаева Мадина Кенжебековна Министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мадина Кенжебековнаны құттықтай отырып, сарқылмайтын шығармашылық энергия, барлық бастамаларда табыс, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жоғары жетістіктер тілейміз!

Авторы:

Мурзекенова Ж.Ш.,

«Менеджмент және ақпараттық

технологиялар» кафедрасы