Біліктілігіңді бізбен бірге жетілдір!

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауы жалғасуда! Ұйымдастырушылар мен қатысушылар «экваторды» кесіп өтті. Жазғы, жыл сайынғы демалысқа қарамастан, жұмыс жүргізулуде. Сондықтан да бүгін, қатысушыларға да, кураторларға да, аралық қорытындыларды талқылау, мазмұнды жетілдіру мен сайысқа қатысты видеоматериалдарды рәсімдеу уақыты келді.

2019 жылдың 16 тамызында ББЖ ҚБАРИ-да іс-шаралар Жоспарына сәйкес ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы 2019» видео-сабақтар мен видео-дәрістердің Республикалық байқауы ұйымдастыру және қатысу бойынша комиссия отырысы өтті. Ұйымдастырушылар Байқауды жоба ретінде қарастырады. Оның нәтижесі ретінде, әрбір қатысушының шығармашылық потенциалын ашу, өзін өзі жетілдіру, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту идеяларын кәсіби ортада кеңейту. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері – халықаралық білім беру бағдарламалары мен білім беру әдістемесі кафедрасының оқытушылары, PR және IT мамандары – барлығы байқау іріктеуінің басты міндеті әділдік пен бейтараптық.

ББЖ ҚБАРИ ұйымдастыру комитеті 29 өтінім қабылдады, оның үстіне, институттың аға оқытушылары мен профессорлар тарапынан 12 куратор іске қосылды. Айта кететін жайт, байқауға Саха Республикасынан (Якутия) біздің әріптес Татьяна Анатольевна Авдеева қатысушылар арасында бар. Татьяна Анатольевна маусым айында ЮЮЖ ҚБАРИ біліктілікті арттыру курсынан өтіп, байқаудың бағыты мен ойы қатты ұнап, оған қатысуға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта, арнайы құрылған виртуалды ортада Ресей Федерациясының қатысушымен санағанда, 7 байқау видеолары жүктелген (жобалық нұсқасы).

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысушылардың еңбектерімен жұмыс жоспармен өтуде деп белгілейді: кеңес жұмыстары өткізілуде, фильмдердің мазмұны түзетілуде, әдістемелік құрамы қарастырылуда.

Сондай-ақ, отырыста «Педагогикалық идеялар панорамасы 2019» Байқауын дамыту іс-шаралар жоспары БАҚ-та түзетілді. Байқаудың кезекті рет мазмұнды беру жолдары мен формалары талқыланды. ББЖ ҚБАРИ сайты мен Фейсбук әлеуметтік желісінде байқау туралы ақпараттың мұқабасын жетілдіру болып шешілді.

Естеріңізге сала кетсек, «Педагогикалық идеялар панорамасы 2019» Республикалық Байқау туралы ақпарат пен ережесін http://www.ripkso.kz/  сілтемесінің «Бауқаулар» бөлімінде таба аласыз. Ұйымдастыру комитеті сіздерді қызықты жаңалықтар мен қатысушылар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы жылдың 25 қазанында байқаудың аймақтық кезеңі өтіп, «Өрлеу» БАҰО-ң Орталық сарапшылар Кеңесіне Республикалық байқаудың финалына қатысу үшін  3 үздік жұмыстар жіберіледі.

Фотода: Ұйымдастыру комитетінің жұмыс үстіндегі сәттері

Авторы:

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі И.Денисова (ББЖ ҚБАРИ)