«Абай әлемі»

2019 жылы 9 тамызда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ ұлы ойшыл және ағартушы  Абай  Құнанбайұлының 174 жылдық мерей тойын атап өтті.

Осыған орай, ББЖ ҚБАРИ – ға келген тыңдаушыларға, қазақ жазба және көркем әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақынның  шығармашылығымен таныстыратын  «Абай әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде, Абайдың  поэтикалық, философиялық, ағартушылық  туындылары ұсынылды.

Ақынның өмір жолы  және шығармашылығымен тыңдаушыларды  мұражай  маманы Сембаева Н. таныстырды.

Сонымен қатар, ББЖ ҚБАРИ  ақының 175 жылдығына  орай, ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағанбетов ұйымдастырған челленджіне қатысты.

Абай Құнанбаев – әлемдік маңызы бар тұлға, оның әдеби және эстетикалық мұрасы әрдайым өзектілігін  жоғалтпайды, адамдардың жүрегінде  өзінің адамгершілігімен, сүйіспеншілігімен, терендігімен  із қалдырады.